20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекИнфляцияны тежеу мәселелері жөніндегі кезекті жиында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өңірлік тұрақтандыру қорларын жаңа өніммен толтыру бойынша келісім-шарт жасасу жұмыстарының және «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндамаларды тыңдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаевтың хабарлауынша, биылға жоспарланған коммуналдық тарифтер бағасын көтеру жұмыстары аяқталған, ал табиғи монополия субъектілерінен жаңа өтінімдер келіп түскен жоқ. Сол себепті, жыл соңына дейін халық пен жеңілдігі бар тариф саясаты қолданылатын ӘМАТ өндірушілері үшін тариф бағасы өспейді. Бұл ақылы қызметтердің қымбаттауының инфляцияға әсерін азайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар өңірлерде жаңа өнімге келісімшарттар жасасу жұмысы жедел қарқынмен жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтің мәліметінше, картоп, пияз, сәбіз және қырыққабат жеткізуге арналған келісімшарттар 2025–2026 жылдардың маусымында халықтың қажеттілігін 50% қамтып отыр. Мәселен, Атырау, Алматы облыстары мен Астана қаласында пиязға деген сұраныс толығымен жабылған. Қарағанды, Түркістан, Абай, Ақмола облыстары мен Алматы қаласында да жұмыс қарқынды. Бірақ Ақтөбе облысында көкөністің барлық түрі бойынша келісімшарттар жасасу деңгейі төмен.
Бақылауды күшейту мақсатында Серік Жұманғарин өңірлерге барып, тұрақтандыру қорларындағы көлем мен қордың жеткілікті болуын тексеретін арнайы жұмыс тобын құруды тапсырды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?