Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТоп-5 лигада футбол маусым аяқталып, жанкүйерлер Әлем чемпионатын асыға күтіп жүр. Маусым қорытындысы шығып, түрлі рейтинг жаңарды. Соның бірі – Transfermarkt порталы жариялаған Англия Премьер-лигасында доп тебетін футболшылардың трансферлік құны. Нәтижесінде, Азиядағы ең қымбат футболшының кім екені анықталды.
Порталдың мәліметіне сәйкес, өзбекстандық қорғаушы, «Манчестер Сити» ойыншысы Абдуқодир Хусановтың трансферлік құны 50 миллион еуроға бағаланған. Үздік үштікте жапониялық Кайсю Сано мен Такефуса Кубо бар. Азияның ең қымбат футболшылары рейтингіне Өзбекстаннан – бір, Жапониядан – жеті, Оңтүстік Кореядан екі футболшы кірді.
Азиядағы ең қымбат футболшылар:
Қай қазақстандықтың нарықтағы құны қымбат?
Иә, «Азиядағы ең қымбат футболшылар» тізімде қазақстандық футболист жоқ. Transfermarket дерегінше, «Қайрат» ойыншысы Дастан Сәтбаев пен ресейлік «Ахматта» доп тебетін Максим Самородовтың құны бірдей – 3 млн еуро.
Ал «Динамо Москва» клубында ойнайтын Бахтиер Зайнутдиновтың бағасы – 2,5 млн еуро. «Зениттің» орталық қорғаушысы Нұралы Әліптің құны – 2 млн еуро. Шотландияның «Хартс» клубының шабуылшысы болып жүрген отандасымыз Ислам Чесноковтың нарықтағы бағасы – 1,2 млн еуро.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары