28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Азия пара ойындарында дзюдодан алғаш рет алтын алған спортшыларымызды әуежайдан туған-туыстары, жанкүйерлері мен Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері күтіп алды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Азия Пара ойындарында 20-ға жуық пара дзюдошымыз өнер көрсетіп, 3 алтын, 4 күміс және 7 қола жүлдеге ие болды. Олардың ішінде елорда спортшыларының сапынан Ақмарал Науатбек Қазақстан тарихында дзюдодан Азия Пара ойындарында алғашқы алтынды алды. Сондай-ақ, J1 санатындағы Ерғали Шамей 73 келіде қарсылас шыдатпады. Ал Асылан Нұрдаулетов күміс жүлдеге қол созса, Бауыржан Арстанбеков қоланы місе тұтты.
Азия пара ойындарынға тыңғылықты дайындықты Алматы облысында өткіздім. Кейінгі жылдары салмағымда бәсекелестік қатты күшейіп келеді. Екі дүркін әлем чемпионы болсам да басты қарсыластарым Өзбекстан, Қытай спортшылары деп санаймын. Сондықтан Азия Пара ойындарында мен үшін чемпион болу оңай болмады. Әсіресе алаң қожайынымен өткен финалдық белдесу қиынға соқты. Бастапқы секундтарда ауырту әдісіне түсіп қалсам да дер кезінде босап шықтым. Енді алда Жапонияда өтетін гран-при жарысына қатысып, Париж Паралимпиадасында чемпион болу үшін жаттығу жұмыстарына кірісемін, - деді Азия пара ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбек.
Пара дзюдодан ұлттық құрама Азия пара ойындарында медальдік есепте 2-орынға орнықты. Бірінші орында 5 алтын, 2 қола және 4 күміс медальмен Қытай тұрса, үшінші орынға 2 алтын 1 күміс, 3 қола медальмен Иран тұрақтады.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?