Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОсы күндері Қытайдың Ханчжоу қаласында IV Азия пара ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 6 медаль жеңіп алды, оның ішінде 2 – алтын, 1 – күміс және 3 – қола.
Осылайша, пара дзюдодан Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте екінші орынға жайғасты.
Алтын медальді Ерғали Шамей (J1 санаты) және Олжас Оразәліұлы (J2 санаты) жеңіп алды. Ал күміс медаль иегері - Асылан Нұрдәулетов (J1 санаты). Қола жүлде Динара Куджулова (J1 санаты), Бауыржан Арыстанбеков (J1 санаты) және Даяна Федосова (J2 санаты) сынды спортшылардың еншісінде.
«Біздің пара дзюдошылар бүгін керемет нәтиже көрсетті! Спортшыларды, жанкүйерлерді және, әрине, команданың жаттықтырушылар штабын осы жетістікпен құттықтаймын. Бүкіл еліміз дзюдошыларымызды мақтан тұтады», - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Айта кетейік, пара дзюдо бойынша жарыстар 26 қазанға дейін жалғасады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?