20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарында әйелдер күресінен күміс жүлдегер атанған Астана қаласының спортшысы Жәмила Бақбергенова елге оралды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Қытайда өткен байрақты бәсекеде ол 76 келі салмаққа көтерілген болатын.
Жаңа салмаққа ауысқан соң басқаша күресу керек болды. Қарсыластар деңгейі өзге салмақта айтарлықтай айырмашылығы сезілмеді. Финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Айпері Медет қызымен өткен белдесуде өзімнің қателігімнен есе жібердім. Дегенмен оның да жай балуан емес екенін барлығы біледі. Алдағы уақытта осы Олимпиадалық салмаққа ауысып, күресетін боламын, - деді жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Жәмилә Бақбергенова.
Айта кетейік, жерлесіміз жарыс жолында Светлана Окназарованы (Өзбекстан) 7:0, Ариунжаргал Ганбатты (Моңғолия) 6:0, жартылай финалда үнді балуаны Киранды 4:2 есебімен жеңіп, тартысты финалдық белдесуде Айпері Медетқызына (Қырғыз Республикасы) 4:7 есебімен жол берді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?