29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық ауыр атлет Александр Уваров қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық ауыр атлет 81 келіге дейінгі салмақта сынға түсті.
Оның екі жаттығу бойынша көрсеткіші — 348 келі.
Аталған салмақта бірінші орын Солтүстік Кореядан келген Ри Чонсонға (364 келі), екінші орын өзбекстандық Мұхаммедкодир Тоштемировке (351 келі) бұйырды.
Тағы бір қазақстандық Еламан Сейтқазы төртінші (343 келі) орында.
Азия ойындарында ауыр атлетика сайыстары 30 қыркүйек пен 7 қазан күндері өткізіледі.
Еске салайық, бұған дейін екі отандық спортшымыз қола жүлдеге қол жеткізгені туралы жазған болатынбыз.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек