6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБокстан Ханчжоуда өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарына баратын ұлттық құрама анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мырзағали Айтжанов бастаған ұлттық құрама бапкерлері Азиада төрінде ел намысын қорғайтын боксшылардың тізімін атады. Олар: Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Сағындық Тоғамбай (92 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі).
Айта кетейік, бокстан ұлттық құрама Ташкентте өткен әлем чемпионаты мен Астанада өткен Elorda Cup турнирінің нәтижесінде жасақталды. Ханчжоудағы жазғы Азия ойындары 23 қыркүйек күні басталып, 8 қазанға дейін жалғасады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі