Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекДзюдодан ұлттық құрама Азия ойындарындағы жорығын бастады. 48 келідегі Әбиба Әбужақынова мен 60 келідегі Елдос Сметов алтын жүлде үшін күреседі. Финал белдесулері Астана уақытымен 13:00-де басталады.
Ағайынды Кондолардың қарсыласы
Мына қызыққа қараңыз, отандастарымыз Әбиба Әбужақынова мен Елдос Сметов финалда «Кондо бауырлармен» күреседі. Дәлірек айтқанда, 48 келіге дейінгі салмақта Әбиба жапониялық Мицуки Кондомен кездеседі. Ал Елдос Сметов 60 келіге дейінгі салмақта Хаято Кондоның әуселесін байқайды. Атап айтқан қос Кондо – бір үйдің балалары.
Хаято Конда 2001 жылы дүниеге келген. 2 сыныптан бері дзюдомен айналысады. Ал қарындасы Мицуки 2004 жылы дүниеге келген. Ол ағасының ықпалымен дзюдо әліппесін үйренген. Биыл екеуі үшін де сәтті жыл деуге болады. Әсіресе, Мицуки Кондо наурыз айында Аустрияда өткен Grand Prix турнирінде топ жарды. Араға бір ай салып жапон жерінде өткен чемпионатта 1 орын алды.
Дәл осы чемпионатта ағасы Хаятоға 3 орын бұйырды. Маусым айында Қытайдың Циндао қаласында өткен Grand Prix турнирінде чемпион атанды. Естеріңізде болса, Елдос Сметов Циндао татамиінде күресіп, 5 орын алған.
Әбужақынова мен Мицуки Аустрия бозкілеміне бірге барған. Бірақ жолдары түйіспеген. Әбиба турнирді 5 орынмен аяқтаса, Кондо жеңімпаз болған.
IGF-тің ресми хаттамаларында әзірге Елдос Сметов пен Хаято Конданың, Әбиба Әбужақынова мен Мицуки Кондоның өзара белдесуі тіркелмеген.
Қолда жүлдені сарапқа салады
Отандасымыз Ғұсман Қырғызбаев 66 келіге дейінгі салмақта финалға шығу үшін өткен белдесуде моңғолиялық Йолк Казирбекпен кездесті. Нәтижесінде, моңғолиялық спортшы «вазари» ұпайын иеленіп, жеңіске жетті. Ал Ғұсман Қырғызбаев қола медаль үшін қытайлық Сюэ Цзыянмен күреседі.
Тағы бір спортшымыз Меруерт Сәрсенова 52 келіге дейінгі салмақта Тәжікстан өкілі Мадина Курбонзодамен кездесті. Қосымша уақытта Меруерт Сәрсенова тиімді әдіс жасап, жеңіске жетті. Осылайша ол қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?