20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстандық боксшы Сәкен Бекбосынов Ханчжоудағы 2023 жылғы Азия ойындарында (Қытай) алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1/16 финалда 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бибосынов Моңғолия өкілі Орхонтунгалаг Унуболдпен жекпе-жек өткізіп, оны 5:0 есебімен жеңді. Осылайша Сәкен Бибосынов құрлықтық біріншіліктің 1/8 финалына шықты.
Осы кездесуінен соң боксшы сұхбат беріп, қабағы жарылғанын алға тартты:
Бірінші кездесуімде жеңіске жеттім. Жекпе-жек оңай болған жоқ. Азия ойындарына ешқандай әлсіз қарсылас келмейді. Моңғол боксшысын жарыстардан бұрындары көріп жүрген едім. Бапкерлердің тапсырмасын орындап, басым түстім. Бұған қуаныштымын. Бірақ қабағымнан кішкене жарақат алып қалдым. Бұл өз кінәм. «Аяққа тұрма, еңкейме» деген. Енді 28 қыркүйек күні рингке шығамын. Қарсыласым - өзбек боксшысы Хасонбой Дусматов. Есемді қайтаруға тырысамын. Олимпиада жолдамасын алуға, Азия ойындарының чемпионы болуға келдім. Сондықтан жеңісіммен елімізді қуантқым келеді, - дейді Сәкен Бибосынов.
Бибосыновтың әуесқойлардағы жетістіктеріне келетін болсақ, ол 2021 жылы әлем чемпионатының алтынын жеңіп алды, ал 2019 жылы әлемдік біріншіліктің қола жүлдегері атанды. Ол сондай-ақ Токиода (Жапония) өткен 2020 жылғы Олимпиадада қола медаль жеңіп алды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?