Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында отандасымыз Никита Чирюкин оқ ату жарысынан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қызығы, 25 метрге жылдам атылатын тапаншамен сайыс кезінде Никита басында іріктеуден өте алмаған. Алайда үшінші орын алған қытайлық спортшы кейіннен финалға жіберілмеді. Сөйтіп, жетінші орындағы Чирюкин финалдағы алтылықтың қатарына қосылды.
Ал шешуші кезеңде отандасымыз 26 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады.
Қазақстандық спортшы жеңіс тұғырын Қытай мергендерімен бөлісті.
Никита - көптеген беделді жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері. Бүгін де ол биіктен көрінді. Бәсекелестік қиын болғанына қарамастан ол өзінің шеберлігін көрсетті. Никитаны, оның командаластары мен жаттықтырушыларын осы жүлдемен құттықтаймын, - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді