Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы2025 жылы Бахрейнде өтетін жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокстан салмақ дәрежелері ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ҰОК мәліметінше, бәсекелер Exhibition World Bahrain көрме орталығында ұйымдастырылады. Жарысқа 2009–2010 жылы туған ұлдар мен қыздар қатысып, 14 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.
Ұлдар: 46 келі, 50 келі, 54 келі, 60 келі, 66 келіге 75 келіге дейін және 80 келіден жоғары;
Қыздар: 46 келі, 50 келі, 54 келі, 60 келі, 66 келі, 75 келіге дейін және 80 келіден жоғары.
Жекпе-жектер үш раундтан тұрып, әр раунд екі минутқа созылады. Раундтар арасында бір минуттық үзіліс болады. Жеңімпаздарды анықтау үшін Asian Boxing пен Азия Олимпиадалық кеңесі мақұлдаған электронды ұпай санау жүйесі қолданылады.
Айта кетсек, бастапқыда бокс бұл ойындардың бағдарламасына енгізілмеген еді. Алайда World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкиннің бастамасымен бұл спорт түрін тізімге қосу туралы шешім қабылданды. Бұл ұсыныс аймақта да, сондай-ақ Азия Олимпиадалық кеңесі мен Asian Boxing тарапынан да қолдау тапты.
Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары 2025 жылдың 22-31 қазан аралығында өтеді. Жарыстар 24 спорт түрінен ұйымдастырылып, 5000-нан астам спортшы бақ сынайды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді