10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының екінші күнінде 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль иеленді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Еліміздің дзюдо федерациясының мәліметінше, Қазақстан құрамасы жалпы саны 2 алтын, 4 күміс және 8 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде 3-ші орынға жайғасты.
Оның ішінде Інжу Жұмажан (-57 кг) жеңімпаз атанса, Тоғжан Төлебай (+70 кг) күміс жүлдеге ие болды. Ал Ерасыл Болатбек (-81 кг), Ұлдана Хожаназарова (-70 кг), Ердәулет Жұмабай (+90 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетерлігі, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтіп жатыр. Құрлықтық біріншілікке 21 елден 200-ге жуық татами шебері бақ сынап жатыр.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді