7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Наньчан қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатында Қазақстан тағы 2 жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық құрама спортшысы Бекарыс Раматулла 500 метрге байдаркада жарыста екінші орынға ие болды. Ол мәреге аз қалғанда Қытай спортшысына жол берді.
Ал каноэде 500 метрге ескек есуде Қазақстан құрамасы үздік үштікті түйіндеді. Команда сапында Сергей Емельянов, Руфина Искакова, Тимофей Емельянов пен Маргарита Торлопова шықты. Мұнда Вьетнам құрама чемпион атанса, Қытай күміс жүлдеге қол жеткізді.
Қазір жалпы есепте 9 алтынмен жарыс қожайыны Қытай көш бастап тұр. Одан кейін 1 алтын медалі бар Қазақстан мен Вьетнам командасы келе жатыр. Финалдар кешке дейін жалғасады.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?