Спорт

Азия чемпионаты: Ақмарал Ерекешова үш медаль алды

26.05.2026 17:15
Айзат Айдарқызы
Фото: ҰОК

Бүгін Бішкекте (Қырғызстан) көркем гимнастикадан Азия чемпионатының ақтық жарыс күні. Әзірге Ақмарал Ерекешева екі қола медаль жеңіп алды. Сары құрлық додасына жекелей сын бойынша 17 елден 30-дан астам үздік спортшы қатысып жатыр. Сондай-ақ бұл турнир күзде Жапонияда өтетін Азия ойындарына дайындық кезеңдерінің бірі саналады.

фото: Спортты дамыту дирекциясы

Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, жасөспірімдер арасындағы екі дүркін әлем чемпионы, отандасымыз Ақмарал Ерекешева шығыршық жаттығуының финалында 28.50 ұпай алып үздік үштікке енді. Осы сайыста 2022 жылғы Азия ойындарының чемпионы, өзбекстандық тәжірибелі спортшы Тахмина Икромова (29.25) жеңімпаз атанса, күміс жүлдені қытайлық, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының финалисі Ван Цзылу (28.90) алды.

фото: Спортты дамыту дирекциясы

Сондай-ақ отандасымыз  доп жаттығуының финалында 27.55 ұпай алып үшінші орынға ие болды Бұл бағдарламада өзбек спортшы Тахмина Икромова (29.05) алтын алса, күміс жүлдені Қытай өкілі Ван Цзылу (27.60) иеленді. 

Көп өтпей Ақмарал Ерекешева өзінің үшінші жүлдесіне қол жеткізді.Ол ұршық жаттығуының финалында 28.65 ұпай жинап, екінші орын иеленді. Бұнда бірнеше дүркін Азия чемпионы, өзбекстандық Тахмина Икромова (29.75) жеңімпаз атанды. Қола жүлдені Өзбекстан өкілі Наталья Усова (28.30) алды. 

фото: Спортты дамыту дирекциясы

Сондай-ақ 25 мамырда жекелей көпсайыстың финалы өтті. Қазақстан намысын Айбота Ертайқызы мен Ақмарал Ерекешева қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша Айбота Ертайқызы 113,65 ұпай жинап, күміс медаль иеленді. Ал Ақмарал Ерекешева 111,90 ұпаймен алтыншы орынға тұрақтады. Топтық көпсайыста Қазақстан құрамасы қол жүлде еншіледі. Топтық жарыста 3 шығыршық және 2 жұп ұршық жаттығуының финалында өнер көрсетіп, күміс медальға ие болды. 

Оқи отырыңыз