19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Дзюдошымыз Әмина Файзулина VIII жазғы «Азия балалары» ойындарында 70 кг салмақта чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, аса тартысты өткен финалда ол өзбекстандық қарсыласын ұтты. Екі спортшы қосымша уақытты қосқанда (golden score) 10 минут күресті. Бұл біз үшін спорттың осы түріндегі 5-алтын медаль.
Осыдан кейін финалда Әділхан Жаудинов (+90 кг) қарсыласына жол берді. Ал Батырхан Тоқтар (-90 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.
Біздің дзюдошылар VIII жазғы «Азия балалары» ойындарына барлық 17 салмақта спортшы алып келіп, 5 алтын, 2 күміс, 5 қола медальмен командалық есепте 2-орын алды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары