20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕліміздегі жолдардың сапасыздығы битум тапшылығына байланысты. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды El.kz.
«Қазіргі таңда мемлекет тарапынан 11,5 мың шақырым жолды салып жатырмыз. Қосымша жергілікті әкімшіліктер де салып жатыр. Осы орайда біз битум мәселесін көтеріп отырмыз. Қазіргі таңда бізде 1 млн тонна битум шығарады. Дегенмен, бұл біздің еліміз үшін жеткіліксіз. Бірақ, жаңа бағыт бойынша 1,2-1,3 млн тонна битум керек. Бұны реттеу үшін зауыттармен жұмыс істейміз», - деді министр.
Оның айтуынша, зауыттардағы техника мәселесі де кедергі. Мысалы, Батыс Қазақстандағы зауыттарда битумды 1000 шақырым жерден тасымалдайтынын атап өтті.
«Біріншіден, біз системалық кемшіліктерді реттеп жатырмыз. Ол үшін техникалық базаларға баса назар аударамыз. Мемлекет басшысының жолдауында да осы мәселе айтылып өткен болаты», - деді министр Қайырбек Өскенбаев.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы халыққа айтқан жолдауында 2025 жылға дейін еліміздегі жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту туралы тапсырма берген болатын.
«Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек. Бізде әлі күнге дейін битум тапшы. Бұл – ірі көлемде мұнай өндіретін ел үшін, тіпті, ұят жағдай. Үкімет осы мәселені түбегейлі шешуге тиіс», - деді Президент.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?