28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарДзюдошылар Эсмигул Куюлова мен Алмат Әділет Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының ширек финалында жеңіске жетті.
Эсмигүл 63 келіге дейінгі салмақтың 1/4 финалында Оңтүстік Корея өкілі Ким Джисумен белдесті. Нәтижесінде отандасымыз иппонмен жеңіске жетті. Оның жартылай финалдағы қарсыласы – жапониялық Наруми Таниока.
Ал Әділет Алмат 81 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда қырғызстандық Тегин Алмазжан уулумен кездесіп, иппонмен жеңіске жетті. Ширек финалда моңғол Оюунчимэг Шинэбаярмен кездесіп, қарсыласынан басым түсті. Осылайша Әділет Алмат Азиаданың финалына шығу үшін бақ сынайды. Оның жартылай финалдағы қарсыласы – тәжік балуаны Абубакр Шеров.
Ажар Асхат 70 келіге дейінгі салмақта Таиланд өкілі Супаттра Наногты жеңіп, ширек финалға оңай шықты. 1/4 финалда Тайбэй өкілі Лиаомен бас-аяғы 11 минут күресті. Нәтижесінде, жартылай финалға жолдама алды.
Тағы бір дзюдошымыз Дана Әбдірова (57 кг) ширек финалда өзбекстандық Шукурджон Аминовамен белдесті. Аминова Әбдірованы иппонмен жеңіп, жартылай финалға өтті. Осылайша, Дана жұбаныш белдесуінде қытайлық Тао Юйинмен кездеседі.
Өкініштісі сол, 73 келіге дейінгі салмақта күрескен Бақытжан Абдурахманов алғашқы белдесуінде жеңілді. Отандық спортшы жапониялық Тацуки Исихарамен жолықты. Ал Тацуки Исихара турнирдің жартылай финалында күреседі.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?