19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Алматыда полиция қызметкері өз әріптесін абайсызда атып тастады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы ақпарат әуелі Kozachkov Telegram каналында пайда болды. Ақпарат бойынша, оқ атқан - 28 жастағы сержант. Ол жәбірленушімен бірге тамақтанатын бөлмеде отырған.
Оқ ПМ қызметтік қаруынан атылған. Қызметкер алған жарақатынан сол жерде мерт болды.
Куәгердің айтуынша, полицейлер арасында жанжал болмаған, олар жай сөйлесіп отырған. Алматы қалалық полиция департаменті ақпаратты растады.
Ведомство мәліметінше, оқиға 5 маусымда болған. Полиция қызметкері қызметтік қарумен абайсызда өз әріптесіне оқ атқан, жәбірленуші алған жарақатынан қайтыс болған.
Аталған дерек ҚР ҚК 104-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды,- деп хабарлады ведомстводан.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары