29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыӘзербайжан астанасы Бакуде Қазақстанның мәдениет күндері өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін министр бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Кездесу барысында екі ел арасындағы мәдениетаралық ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.
Президенттің көмекшісі – Әзербайжан Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің басшысы Хикмет Гаджиевпен айрықша маңызды кездесу өтті.
«Президентіміз Әзербайжанмен қарым-қатынасты дамытуға ерекше көңіл бөледі. Бұған мемлекет басшыларының өзара сапарлары дәлел бола алады. Серіктестік барлық сала бойынша жоғары деңгейде дамиды. Бұл тілдің, діннің, әдет-ғұрыптың және дәстүрдің ұқсастығына негізделген ортақ мәдени мұра мен туыстық байланыстарға байланысты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Физули қаласында Құрманғазы атындағы балалар шығармашылығы орталығының құрылысы аяқталуда. Бұл Әзербайжан халқына достық пен өзара қолдауды білдіретін сыйлық. Оның екі халық арасындағы бауырластық қарым - қатынастың символына айналатынына сенімдімін»,
- деп атап өтті ҚР Мәдениет және ақпарат министрі.
Министр Хикмет Гаджиевтің халықаралық медиафорум өткізу туралы бастамасын да қолдады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек