7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов Мәжілістің жалпы отырысында премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке депутаттық сауалын қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Депутат жастардың құмар ойындарға тәуелділігінің артып бара жатқанына алаңдаулы екенін айтты.
Президент қазақстандықтарды құмар ойындардың құрығынан қорғау шараларын қабылдауды баса айтты. Казиноларды қақсап жүріп Қапшағайға, шулап жүріп Щучинскіге көшіргенмен, мәселе өз шешімін толық таппады. Тамырын терең жайған құмар ойын шырмауық секілді күндіз-түні өрімдей жастарымызды шырмап, қалада да, далада да есірткіге еліткен жандай ес-түсінен айырып, түрлі онлайн интернет-казинолар мен терминалдарға телміртіп қойды, – дейді Жанарбек Әшімжан.
Мәжілісмен құмар ойынға тәуелділер адам айтса сенгісіз ауыр қылмыстарға барып жатқанын айтты. Мәселен ірі көлемде ақшасынан ұтылған шымкенттік азамат ай-күннің аманында анасы мен атасын құрбан еткен. Бұдан бөлек Астанада оңай олжа таппақ болған отандасымыз қалтасындағы ақшасынан қағылған соң өзінің азаматтық некедегі әйелін жазым еткен.
Құмар ойынға әуестердің казино мен букмекерлік компанияларға жұмсайтын қаражат көлемі жаға ұстатады. 2022 жылы құмар ойындарды ұйымдастыру және бәс тігу бойынша қызметтер көлемі 553,6 миллиард теңгені құраған. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 52 миллиард теңгеге артып кеткен және 2020 жылмен салыстырғанда 6,2 есеге (89,7 миллиард теңге) жоғары, – деді депутат.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?