Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсАзаматтық авиация академиясында DemoDay стартап байқауы өтті: автотұрақтардағы кептеліс мәселесін шешетін мобильді қосымшадан отандық парашют костюміне дейін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
11 жас өнертапқыш студент инвесторларға өз жобаларын ұсынды.
Қазылар алқасының құрамында Алматы халықаралық әуежайының, «Aviata» сервисінің, «Technowomen» ұйымының өкілдері, сондай-ақ «UNIMO» инвесторлар клубының негізін қалаушысы болды. Ол студенттердің дайындық деңгейін атап өтті.
Студенттердің презентациялары мені таң қалдырды, өйткені олар өз жобаларын сенімді түрде ұсынды. Мен олардың қандай идеяларды ұсынғанына таң қалдым. Бірде-бір қайталанатын жобаны көрмедім, - деді инвесторлар клубының негізін қалаушысы Ирина Абасова.
Дауыс беру нәтижесінде бірінші орынды «Летун» атты файлдарды локалдық желі арқылы тасымалдауға арналған қосымшасы, екінші орынды «AIRPRO» әуежайларына арналған мобильді қосымшасы, ал үшінші орынды рейстерді брондау қызметі қосымшасы Aviation Charter CRM алды.
Айта кету керек, көрме алдында барлық студенттер Азаматтық авиация академиясының бизнес-инкубаторында екі айлық тегін оқудан өтті.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды