Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАзаматтық авиация академиясының делегациясы Еуропадағы №1 авиациялық жоғарғы оқу орнында Тулуза қаласындағы (Франция) ENAC Ұлттық азаматтық авиация мектебімен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Екі тарап өздерінің кадрларды даярлау, бірлескен ғылыми жобалар саласындағы ынтымақтастық туралы ниет білдіріп, тиісті меморандумға қол қою туралы келісім жүргізді.
Айта кетейік, ENAC Ұлттық азаматтық авиация мектебі (фр. École nationale de l ' aviation civile) - Француз жоғары авиациялық инженерлерді даярлау оқу орны. ENAC бүгінде Еуропадағы және бүкіл әлемдегі аэронавтика саласындағы негізгі көшбасшы болып табылады, оқу орны инженерия, ұшқыштық, аэронавигация салаларында мамандарды даярлау бойынша үздік оқу орталығы.
Бұл ICAO, IATA, EASA, ACI, FABEC сияқты халықаралық бағдарламалармен танылған әлемдегі жалғыз университет. ЖОО жалпы 30-дан астам бағдарлама бойынша бакалавриат магистратура және PhD деңгейлері бойынша оқытады. Сонымен қатар, ENAC ғылыми зерттеулер мен инновациялардың жаһандық мәртебелі жетекшісі.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?