29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстандық теннисшілер Денис Евсеев пен Бейбіт Жукаев жекелей сында АҚШ-тың Канзас штаты Уичито қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Д.Евсеев екінші айналымда америкалық Райан Шейнмен шеберлік байқасты. Қазақстандық теннисші 1 сағат 25 минутқа созылған матчта қарсыласын 6:4, 7:5 есебімен ұтты. Доданың алтыншы ракеткасы Д.Евсеев тағы бір америкалық Ноа Шахтердан айласын асырды – 6:4, 6:2. Енді Д.Евсеев пен Б.Жукаев ширек финалда өзара кездеседі.
Қазақстандық теннисшілер жұптық сында да жарыс жолын жалғастыруда. Олар ширек финалда ұлыбританиялық Дэвид Фокс – жапониялық Сюити Секигутиден өтуге тырысады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек