29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Нұр-Сұлтандағы Elorda Cup халықаралық турнирінің финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Оралбай 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ақтық сында қытайлық Туохет Аербекпен жұдырықтасты. Айқаста Оралбай төрешілердің әртүрлі шешімімен 3:2 (28-29, 28-29, 29-28, 29-28, 29-28) жеңіске жетті. Осылайша, Нұрбек Оралбай Elorda Cup турнирінде алтын медаль жеңіп алды.
Нұрбек Оралбай - жастар арасында әлем чемпионы (2018 жыл).
Бұған дейін Елорда кубогында Қазақстан құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 кг дейін), Сәкен Бибосынов (51 кг дейін), Махмұд Сабырхан (54 кг дейін), Серік Теміржанов (57 кг дейін), Саматәлі Төлтаев (60 кг дейін) және Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг дейін), Абзал Серік (70 кг дейін) және Асланбек Шымбергенов (71 кг дейін) жүлдегер атанған.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек