29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары«Балдәурен» лагерінде жас геологтардың VI Қазақстандық ашық далалық олимпиадасының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды EL.KZ экология министрлігіне сілтеме жасап.
Ашылу салтанатына Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Т.Момышев, Геология комитеті төрағасының орынбасарлары, «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ уәкілетті тұлғасы Ж. Карибаев, Ақмола облысы әкімдігінің өкілдері, олимпиада демеушілері – ұлттық компаниялардың басшылары қатысты.
Іс-шараны вице-министр Т.Момышев құттықтау сөзімен ашты. Ол өз сөзінде осындай іс-шараларға қатысудың геологтардың жаңа ұрпағын дайындау мен қалыптастыруға орасан зор ықпал ететінін, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, елдер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайта түсетінін атап өтті.
Олимпиадаға Қазақстан Республикасының астанасы мен аймақтарынан келген 7-11 сынып оқушылары қатысуда. 2010 жылы өткен 1-ші Қазақстандық олимпиадаға небәрі 8 команда қатысқан болатын. Ал, биылғы VI Олимпиадаға қазірдің өзінде 15-тен астам командалар қатысуда, олардың ішінде Татарстан Республикасы (Ресей Федерациясы), Беларусь және Өзбекстан сияқты елдердің командалары бар екенін айта кету керек. Жас геологтар командаларының саны ғана көбейіп қоймай, сонымен қатар олардың дайындық деңгейінің жоғарылағаны байқалды.
Министрлік мемлекет басшысы жариялаған «Балалар жылы» қарсаңында, жарысқа қатысушылардың алдыңғы орындарға ие болғандарына Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне оқуға үш грант беруді жоспарлап отыр.
«Жас геолог» ҚК Геология комитетінің қолдауымен 2012 жылдың қаңтарында құрылды. Қордың негізгі міндеті ерте кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу, жас геологтардың қазақстандық далалық олимпиадаларын ұйымдастыру және өткізу, жас геологтар үйірмелерінің желісін кеңейту, дарынды жастарды қолдау.
Қазақстанның жас геологтары республикалық олимпиадаларға қатысумен қатар, халықаралық олимпиадаларда да ел намысын табысты қорғап жүр. Қазақстандық жас геологтар командалары Бразилияда (2015), Жапонияда (2016), Францияда (2017), Таиландта (2018) өткен IESO-ның жеке және командалық жарыстарында алтын, күміс және қола жүлдені жеңіп алды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек