13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз
Қазақстанда шілде мен қараша айының аралығында «Этномәдени бірлестіктер арасында жалпы азаматтық бірегейлікті қалыптастыру және қазақстандық патриотизмді дамыту» жобасын жүзеге асырылмақ.
Жобаның негізгі мақсаты - этномәдени бірлестіктердің этникалық топтары арасында қазақстандық бірегейліктің жалпыазаматтық құндылықтарын қалыптастыру мен нығайтудағы ғылыми шығармашылық зиялылардың рөлін арттыру.
Жобаны жүзеге асыру барысында Алматы, Петропавл, Орал, Өскемен қалаларының әр түрлі этнос жастары өкілдерінің арасында жалпыазаматтық құндылықтарды, қазақстандық патриотизмді және этносаралық келісімді кеңінен насихаттау бойынша шаралар кешені жүзеге асырылатын болады.ZOOM интернет-платформасы арқылы онлайн форматында ақпараттық кездесулер өткізу жоспарлануда. Оған ЭМБ өкілдері, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, мектептер мен басқа да білім беру ұйымдарының мұғалімдері, еріктілер қауымдастығы, ҮЕҰ, жоба серіктестері, мемлекеттік органдардың өкілдері қатыса алады.
Онлайн кездесуде Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды оқиғалары туралы хронологиялық тәртіпте, қысқаша және қолжетімді форматтаайтуға мүмкіндік беретін «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл - 25 игі іс» бейне-дәрістері ұсынылады.
Сонымен қатар, «Этномәдени бірлестіктер арасында жалпыазаматтық бірегейлікті қалыптастыру және қазақстандық патриотизмді дамыту» тақырыбында бейнероликтер көрсетіледі. Роликтерде Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтауға үлес қосқан адамдар туралы мұрағат деректері, сондай-ақ фото және видео материалдар қолданылады.
Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға бағалысыйлықтар, грамоталар мен алғысхаттар табысталады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды