29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Қазақстанда ретсіз қолданудың салдарынан дәрілік өсімдіктердің шикізат қоры таусылып барады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында айтты, - деп хабарлайды El.kz.
– Қазақстандағы өсімдіктер дүниесінде ағаш, бұтақ және шөп-өсімдіктердің 6000-нан астам түрі бар. Оның ішінде 1500 жуық түрі дәрілік өсімдіктер, 390 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген, 110 түрі рейрикті өсімдіктер және 700 эндемикалық өсімдік түрлері кездеседі. Қазіргі таңда Қазақстанға экспортталатын дәрілік өсімдіктер тізіміне 14 түрлі өсімдік кіреді. Олар мия, ферула, цистанхэ, Түркістан сабынының тамыры және басқалары. Ретсіз қолданудың кесірінен дәрілік өсімдіктердің шикізат қоры таусылуға шақ, - деді министр.
Оның айтуынша, Кедендік статистика деректері бойынша Қазақстанда мия тамырын Қытай, Түркия және АҚШ елдерінен әкеледі. Сонымен қатар, елімізде дәрілік өсімдіктерді тексеру жұмысында мәселелер бар.
– Республика аумағына өсімдіктердің бөтен түрлерін бақылаусыз әкелу мәселелері реттелмей тұр. Мысалы, Медеу табиғи паркінің аумағында Солтүстік Америкадан әкелінген өсімдіктің бөтен түрі «Асер негундо» өсімдігі үйіңкі ағаштарының арасынан жиі байқалады. Сонымен қатар, елімізге инвазиялық зиянкестермен залалданған бөгде өсімдік ресурстарын әкелу қаупі бар. Бұл бірқатар өсімдіктерге де зиянын тигізеді,- дейді Серікқали Брекешов.
«Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасында осы мәселелерді шешу қарастырылатыны айтылды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек