29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының «Жаңа Қазақстан» бағдарламасында Қазақстанда салынатын атом электр стансасы халықаралық жоба болатынын айтты, деп хабарлайды El.kz.
– Қазір электр қуаты балансын дайындадық және болашақта электр энергиясына тапшылықтың орын алатындығын көріп отырмыз. Сондықтан, атом электр стансасын салмай, біз бұл мәселені шеше алмаймыз, – деді Үкімет басшысы.
Оның айтуынша, Қазақстан экономикасы электр энергиясымен толық қамтамасыз етілмесе, онда ары қарай дамуымыз өте қиын болады.
– Cондықтан бұл мәселе бойынша шешім қабылданып, орны белгіленді. Енді Энергетика министрлігі дүниежүзінде бар тиісті озық технологияларды қарастырып жатыр. АҚШ, Франция, Оңтүстік Корея және орыстардың технологияларын зерделеп, қарастыру үстінде. Жалпы, бұл халықаралық жоба болады. Яғни, бірнеше мемлекеттен әртүрлі технология тартылады. Содан кейін тиісті шешім қабыланады, – деді Әлихан Смайылов.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек