7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қазақстан Pfizer вакцинасының тағы 300 мың дозасын сатып алады. Бұл туралы ДСМ Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры Бауыржан Жүсіпов айтты, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта Pfizer вакцинасының қосымша көлемін сатып алуға қатысты белсенді түрде келіссөз жүргізіп жатырмыз. Сөз шамамен 300 мың доза қосымша көлем жайында болып отыр. Бірақ, бұл вакцина халықтың мақсатты тобы үшін сатып алынатындығын қаперде ұстаған жөн. Яғни, ол 20 жасқа дейінгі балаларға арналған. Бұған қоса тәуекел санатына кіретін адамдар бар. Сонымен қатар отандық вакцина да сатып аламыз», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Департамент директоры астанаға отандық QazVac вакцинасы қосымша сатып алынатындығын айтты.
«Бірақ, қай уақытта жеткізілетіндігін айта алмаймын. Қажет болған жағдайда бұл вакцинаның қалған дозасы әлі де бар», - деді Бауыржан Жүсіпов.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?