29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары2025 жылға қарай салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар үлесін 40%-ға дейін, өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін ұлғайту жоспарланған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
«Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы қабылданды. Онда қолжетімді және сапалы медициналық көмекті, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, профилактикалық, оның ішінде ауыл халқы үшін қарап-тексеру мен скринингтерді жүргізу, психикалық және репродуктивтік денсаулықты сақтау қызметтерін көрсету үшін жастар денсаулық орталықтарының қолжетімділігі жөніндегі шаралар іске асырылады», - деді А. Ғиният Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру, алкоголь, темекі өнімдерін тұтынуды қысқарту, инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды төмендету, жарақаттанудың алдын алу және саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
«Қабылданған шаралар нәтижесінде 2025 жылға қарай саламатты өмір салтын ұстанатын азаматтар үлесін 40%-ға дейін, өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін ұлғайту, инфекциялық емес ауруларды 7%-ға дейін төмендету, медициналық оңалту қызметтерімен 75%-ға дейін қамту күтіледі», - деді Ажар Ғиният.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек