10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстан Халық партиясы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына бүгін жолдаған Жолдауында жарияланған саяси өзгерістерді толық қолдайды, деп хабарлайды El.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл - Жаңа Әділетті Қазақстан құрудың берік іргетасын қалайтынына шын жүректен сенеміз. Референдумнан кейін Партия мерзімінен бұрын Парламент Мәжілісінің сайлауын өткізуді қолдады. Біз саяси бәсекелестіктің күшейгенін және саяси партиялар санының артқанын құптаймыз.
Қазақстан Халық партиясы сайлауға дайын, жеңіске жетуді және халық сенім артатын Үкімет қалыптастыруды жоспарлап отыр. Халықтың қолдауына ие басқарушылардың жаңа толқыны Президент Жолдауында айтылған әлеуметтік-экономикалық реформаларды тиімді жүзеге асыратынына сенімдіміз. Кезектен тыс Президент сайлауында, біз бұрын мәлімдегендей, қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдаймыз», - делінген хабарламада.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді