20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек
Құрметті отандастар!
Қазақстан халқы Ассамблеясы православие христиандары мен барша қазақстандықтарды жарқын мейрам Рождество мерекесімен құттықтайды!
Бұл мереке адамды жақсылық пен мейірімділікке һәм сүйіспеншілікке шақыратын рухани қасиеттердің салтанат құратын шағы.
Ұлы дала елі түрлі ұлт пен ұлыс өкілдеріне аса құрметпен қарап, сыйласуымен қашан да ерекшелене білген.
Бұл күндері ғасырлар қойнауынан жеткен рухани құндылықтар, мызғымас достықтың дәстүрі мен өзара құрметі еліміздегі тұрақтылықтың әрі дамудың жарқын көрінісі.
Православие христиандары қазақстандық қоғамның айрықша бөлігі, ал Қазақстанның Орыс Православие Шіркеуі жалпыұлттық бірлік пен келісімнің нығаюына зор үлес қосуда.
Баршаңызды қайырымдылық пен мейірімділікке беттейтін мерекемен құттықтаймын! Зор денсаулық, жақсылық пен береке-бірлік тілеймін!
Мереке әрбір үйге, әр отбасына шуағын шашып, қуаныш пен игілік әкелсін!
Қазақстан халқы Ассамблеясы
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?