Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгін ОСК-да Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлау алдындағы үгітін өткізу кезінде республикада COVID-19 коронавирустық инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ таралуының алдын алу шаралары мен эпидемиологиялық жағдай мәселелер бойынша отырыс өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Республикада коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика және барлық өңірлер жасыл аймақта орналасқан. Тәулігіне COVID-19 бойынша ПТРдің оң нәтижелі 300-ге дейін жағдайы және ПТРдің теріс нәтижелі 40-қа дейін жағдайы тіркеледі, науқастардың 99%-ы сауығып кетті, - деп хабарлады отырыс барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова.
Сонымен қатар, оның айтуынша, 12 өңірде (Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, Абай, БҚО, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) R көрсеткіші бірліктен жоғары, бұл инфекцияның таралуының өскенін көрсетеді.
Соңғы аптада өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 3% - ға өсті, - деп атап өтті ол.
Осыған байланысты, А.Есмағамбетова R көрсеткішін 1-ден жоғары тіркеу кезінде БМСДҚ-ға сәйкес халық көп жиналатын жерлерде бетперде тағу ұсынылатынын еске салды.
Қазіргі уақытта ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі байқалады, осылайша, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 20%-ға өсті.
Республикадағы коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдайды, сондай-ақ ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық маусымның барысын ескере отырып, сайлауалды жария іс-шаралар мен сайлаушылармен кездесулер өткізу кезінде А. Есмағамбетова мынадай қағидалар и.ды ұстануды ұсынды:
1) халықтың топталуын болдырмау үшін кең үй-жайларды пайдалану;
2) үй-жайларда желдету/ауаны баптау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі;
3) ауаны жасанды желдету жүйесі болмаған жағдайда іс-шара басталар алдында үй-жайды желдетуді жүргізу;
4) сайлаушылармен кездесулер өткізу кезінде бетперде режимін сақтау.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?