7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?
Қордың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Пя Юрий Владимирович Қамқоршылық кеңестің жұмыс көлемінің жоғары болуына байланысты Төрағаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш білдірді, – деп хабарлайды El.kz.
– Ол «University Medical Center» корпоративтік қорын басқарады. Юрий Владимирович – Қазақстан Еңбек Ері, ең күрделі, жоғары технологиялық кардиохирургиялық операцияларды өз жетекшілігімен жүзеге асырып жүрген әлемге әйгілі кардиохирург. Бұл қызмет күн сайынғы тынымсыз еңбекті және жоғары талаптарға сай тәжірибені талап етеді. Юрий Владимирович көп уақытын білікті мамандарды даярлау мақсатына бағыттайды. Қордың Қамқоршылық кеңесін басқара отырып, Юрий Владимирович Қордың институционалдық қалыптасуының бастапқы, жауапты кезеңінде, оның ішінде Қордың миссиясын, оның стратегиялық бағыттарын айқындауда елеулі үлес қосты. Қамқоршылық кеңес құрамында қала отырып, Юрий Владимирович стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда Қорға қолдау көрсетуді жалғастырады, – деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
Қордың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып қоғам қайраткері, «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов сайланды.
Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасары болып дәрігер медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздігі Аманжолова Зәуреш Жұманәліқызы сайланды Оның көп жылдық тәжірибесі мен білімі, ұйымдастырушылық қабілеті қабілеттері әсіресе, денсаулық сақтау саласындағы қайырымдылық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруда сұранысқа ие болады.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?