Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыОтандық әнші Саят Медеуов «Ұйқым келмейді» бағдарламасында әкесі достықа адалдықты қалай үйреткенін айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әншінің сөзіне қарағанда, анасы істі болған досының қасында жүргенін қаламаған. Дегенмен әкесі басу айтып, қайта оған көмектесуді бұйырған.
Бірде досымыз істі болып, сонымен бірге жүрдім. Оны анам білген жоқ. Ауылға барғанда шешем «сен бір күні мына кісінің қасында жүріп, сотталасың, мына жүрісің дұрыс емес» деді. Сол кезде әкем шешеме «Нүке, сен Саятқа сөйлеме» деді. Ал маған «Саят, Аликтің бар кезінде дос болдың ба, жоқ кезінде де дос бол, бар кезінде араластың ба, басына іс түкенде де аралас, қашпа. Досыңның басына іс түскенде кетіп қалатын боласың, онда «менің баламмын» деп айтпай-ақ қой» деді. Сол уақытта әкемнің достыққа адалдығына риза болдым, - деді әнші.
Жақында Саят Медеуов 50 жасқа толған мерейтойына Алматыда концерт берген болатын.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді