22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстан қоржыны тағы бір алтынмен толықты. Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатында отандасымыз Оразбек Асылқұлов тамаша өнер көрсетіп, әлем чемпионы атанды.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық айқаста қазақстандық боксшы тәжікстандық Хусравхон Рахимовпен жұдырықтасты. Үш раундқа созылған шешуші жекпе-жек бойы Оразбек рингтегі басымдықты өз қолында ұстап, қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Нәтижесінде төрешілердің ортақ шешімімен (5:0) жеңіс Асылқұловқа бұйырды.
Осылайша, Оразбек Асылқұлов әлем чемпионатының алтын медалін иеленсе, Рахимов турнирді күміс жүлдемен аяқтады.
Жекпе-жектен кейін әлем чемпионы әсерін бөлісті:
Жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Қолдау білдірген барша қазақ жанкүйеріне алғыс айтамын. Айқас оңай болған жоқ. Үшінші раундта бастан соққы алдым, бірақ аяқта қозғалып, бар күшімді салдым. Алла жар болып, әлем чемпионы атандық. Баршаңызға рахмет! - деді Оразбек.
Айта кетейік, бұл - Қазақстан құрамасының Дубайдағы әлем біріншілігіндегі екінші алтын жүлдесі. Бұған дейін 54 келі салмақ дәрежесінде Сәкен Бибосынов та әлем чемпионы атанған болатын.
Оразбек Асылқұловтың бұл жеңісі қазақстандық бокстың халықаралық аренадағы абыройын тағы бір мәрте асқақтатып, ел жанкүйерлеріне үлкен қуаныш сыйлады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев