Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМәжіліс отырысында депутат Асхат Аймағамбетов мектеп жасындағы балалардың смартфон қолдануына белгілі бір шектеулер енгізу қажеттігін көтерді. Ол балалардың гаджеттерге тым тәуелді болуы олардың әлеуметтенуіне кедергі келтіріп отырғанын атап өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Аймағамбетовтың айтуынша, тек тыйым салумен мәселе шешілмейді. Оның пікірінше, балалардың бос уақытын пайдалы бағытқа бұру үшін қосымша қадамдар жасау қажет.
Белгілі бір ойындардың ішінде ересек адамдардың кішкентай балалармен кездесу ұйымдастыруға мүмкіндік беретін функциялары бар. Атын нақтыламай-ақ қояйын. АҚШ пен Ұлыбританияда мұндай жағдайлардың зардаптары ауыр болған. Тіпті зорлық-зомбылыққа және суицидке әкелген оқиғалар бар. Сондықтан біз жан-жақты әрі тиімді тәсіл қолдануымыз керек, - деді депутат.
Ол кешенді шаралардың бірі ретінде мектеп ішінде смартфондарды пайдалануға шектеу қою қажеттігін атап өтті.
5-9 жастағы балалар күні бойы TikTok шолып отыруы мүмкін емес. Бұлай жалғаса берсе, олардың денсаулығына теріс ықпал етеді. Осы себепті қосымша үйірмелер мен түрлі іс-шараларды көбейту маңызды, - деді ол.
Сонымен қатар депутат кейбір елдерде ойын автоматтарына тыйым салынғанымен, балалардың сол «автоматтың қалтаға салынатын нұсқасын» өзімен бірге алып жүретінін айтты.
Бұл тәуелділікті күшейтеді. Сол себепті жасанды интеллект заманында кибергигиена, цифрлық мәдениет және дұрыс әлеуметтену аса қажет. Мектеп тек білім беретін мекеме емес, ол балалардың араласып, сөйлесетін ортасы. Ал қазіргі көрініс қандай? Үзіліс кезінде бәрінің қолында телефон, бір-бірімен қарым-қатынас жоқ, - деді Аймағамбетов.
Айта кетейік, депутат бұл мәселені өткен жолғы мәжіліс отырысында да қозғаған болатын.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді