Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікНидерландының Гаага сотында өзінің азаматтық некедегі жарына 258 рет пышақ жарақатын салды деп айыпталып отырған 24 жастағы Арнольд О.-ға қатысты іс қаралуда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы NL Times басылымы сот материалдарына сілтеме жасап хабарлады.
Қанды оқиға 2024 жылдың 18 шілдесінде Нидерландының Зутермер қаласында болған. Айыптау нұсқасына сәйкес, шабуылдан кейін ер адам марқұм әйелінің екі апталық сәбиімен оқиға орнында селфи жасаған. Сәби дене жарақатын алмаған.
Айыптаушы тарап Арнольд О.-ны 10 жылға бас бостандығынан айыруды және міндетті психиатриялық емдеуді тағайындауды сұрауда. Медициналық сараптама нәтижесінде ер адамнан бірнеше психикалық ауытқулар анықталып, қылмысты қайта жасау қаупі жоғары деп танылған.
Сот материалдарында бұған дейін де Арнольд О.-ның марқұм әйелге қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері үшін сотты болғаны көрсетілген.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер