Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіӘйелін ұрып, жазадан құтылып кетпек болған әнші Рахат Тұрлыханов 10 тәулікке қамауға алынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы сотында Рахат Тұрлыхановтың ісі жабық режимде қаралды.
Сот алқасы осы материалды қарау барысында бұрын жұбайына бірнеше рет қол көтеру дерегі болуына байланысты бірінші сатыдағы сот шешімімен келіспеді. Алматы соты алқасының шешімі бойынша, Алматы әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімі өзгертілді, - делінген сот хабарламасында.
Сот алқасының қаулысымен Тұрлыхановқа қатысты жазалау шарасы ескертуден 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасына өзгертілді. Қаулы заңды күшіне енді.
Айта кетейік, Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өткен жылдың желтоқсан айында экс-әншінің үйде жанжал шығарып, жұбайын ұрып-соққанын анықтады. Алайда, әнші ескерту түріндегі әкімшілік жаза арқалағанын жазған едік.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады