Бүгiн, 12:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікСенат депутаты Жанат Асанова елдегі асқынып тұрған зорлық-зомбылықпен күресті идеология мен заңды күшейтуден бастау керек екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Біз әйелге деген сатылатын немесе өзінің меншігіндегі зат сияқты қарайтын көзқарасты өзгертуіміз қажет. Барлық әйел мемлекет оларды қорғайтынын, зорлық-зомбылық әрекеттері болған жағдайда қылмыскер жауапқа тартатынын білуі керек. Ел азаматтары қатаң жазаға тартылатынын, одан сытылып шығып кете алмайтынын білуі керек. Заңның орындалуы қатаң бақылануы қажет, - деді ол.
Сенатордың сөзінше, зорлық-зомбылықпен күрес жүйелі жүргізілуі керек.
Зомбылықпен күресте заң, білім беру, медицина, әлеуметтік қолдау жақтары қатар қарастырылуы керек. Біріншіден, заңның қатаң орындалуы. Екіншіден, гендерлік теңдік саясаты. Үшіншіден, жыныстық ерекшелігіне байланысты қысым көрсетуге жол бермеу. Оның ішінде балалар мен әйелдерді қорғау. Төртіншіден, отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа мемлекеттік институт ретінде жазаны қатаңдату. Бесіншіден, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы идеология жүргізу, - деді Асанова.
Айта кетейік, қазақстандықтар Салтанат Нүкенованың күйеуі – бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қолынан ажал құшқаннан кейін зорлық-зомбылыққа қатысты заңды қылмыстық кодекске ауыстыру туралы бастама көтеріп, петицияға қол қойып жатыр. Әлеуметтік желіде қоғам белсенділері мен танымал тұлғалар, журналистер мен блогерлер бұл заң Қылмыстық кодекске ауыстырылмайынша, күйеуге шығудың қауіпті екенін айтып, дабыл қағып жатыр.
Бүгiн, 12:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер