Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыІІМ әнші Ұланғасыр Қамидың сөзіне қатысты жолданған арызды қарап, шешім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесінің «күйеулері хиджаб кимегені үшін әйелдерін өлтіреді» деген сөзінен кейін Саида Кастанеда (Саида Сисембаева) атты азамат әншінің үстінен арыз жазған еді.
Маған Алматы қаласының полиция департаментінің өтінішімді тіркеусіз қалдыратыны жөнінде хат келді. Өйткені олардың пікірінше, Ұ.Камиевтің сөздерінде қылмыс құрамы жоқ екен. Әнші сөзінде әйелдерді күйеулерінің өлтіруін ашық ақтаған болатын, – деп жазды Саида Сисембаева Facebook-те.
Саида Сисембаева жазбасымен қоса ІІМ шешімін де жариялады.
Камиев Ұ.Ж өзінің Instagram парақшасында диалог жүргізіп, жазылушылар қойған сұрақтарға жауап берген. Осылайша ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамын жасамаған. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, бұл жағдайда қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ екенін ескере отырып, заңға сәйкес сіздің өтінішіңіз есепте тіркеусіз қалды әрі номенклатуралық іс жүргізу есебінен шығарылды, - делінген ІІМ-нің жауабында.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді