Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚытайда әйел өзінің екі ұлын сатып, әлеуметтік желідегі стримерлерге донат пен киім-кешек алуға жұмсаған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы South China Morning Post (SCMP) жазды.
Мәліметке сәйкес, 26 жастағы жетімдер үйінен шыққан Хуан есімді әйел жеткілікті қамқорлық көрмей өскен. Оның тек бастауыш білім деңгейі ғана бар. 2020 жылдың қазан айында Хуан алғаш рет ана атанып, қаржылық қиындықтарға байланысты тұңғыш ұлын 6,3 мың АҚШ долларына басқа бір әйелге сатқан. Алынған ақшаның барлығын ол стримерлерге сыйлықтар мен донат жасауға, сондай-ақ киім сатып алуға жұмсаған.
Қаражат таусылған соң, ол қайтадан ана болуды жоспарлап, 2022 жылы екінші ұлын дүниеге әкелген. Бұл баласын да 5,3 мың АҚШ долларына сатып, сол қаржыны алдыңғы мақсаттарына жұмсаған.
Қазіргі таңда екі бала арнайы мекемелердің қамқорлығына берілді. Ал Хуан адам саудасы және алаяқтық үшін 5 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді