Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматыда өткен концертте әнші, аяғы ауыр Жанар Дұғалованың өнер көрсеткені елдің қызу талқысына түсті. Әнші босанатын уақыты жақын болғанына қарамастан, сахнаның сәнін келтіріп жүр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
TikTok желісінде видеоны көрген желі қолданушылары әншінің аяғы ауыр болса да, жанын салып өнер көрсетіп жатқанына таңданыстарын жасыра алмаған.
"Әнді айтсаң, жаныңды жеп айт" деген осы кісіге арналған сияқты. Энергиясын, харизмасын экранның ар жағынан отырып сезінесің ғой", "Энергиясын жоғалтпапты, 38 апта болған біз әрең жүрміз", "Мықты қыз, жасандылығы жоқ. Аман-есен босанып ал, Жанар", - деп жазуда көпшілік.
Жанар Дұғалованың көпшілікке белгілі "Ізін көрем" әні орындалуы қиын әрі ауыр әндердің бірі. Соған қарамастан айы-күні жақындаған әнші өз деңгейінде орындап, жұртты тәнті етті.
Көктемде тұрмысқа шыққан әншінің бұған дейін де концерттерде ән айтып жүргенін жазған едік.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?