28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарӘнші Алтынай Жорабаева өзі туралы жалған әңгіме айтып жүрген адамдардан көңілі қалғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өткенде бір әңгіме естіп шошыдым. Ол әңгімені жақын құрбымнан естідім. Туысқандары мен араласатын адамдары намаз оқиды екен. «Алтынай аяғы ауыр емес екен ғой, жәй ішіне бірнәрсе салып алған екен ғой, күйеуінен бала болмайтын болған соң, біреуден алайын деп жатыр екен» депті. Сондай ойға дейін қалай дәттері барады екен. Менің істейтін шаруам жоқ па, кімнен қорқып жүрмін. Алла берсе берсін, бермесе қойдық деп жүрген адамдар едік. Міне, Алланың қалауымен, дұғамның арқасында, емделудің арқасында Алла берді. Ешқандай эко емес, шынымен Алла берді. Субханалла, сондай әңгімеге дейін баратын адамдарға шынымен жаным ашиды. Не деуге болады оларға?, - деді әнші Instagram парақшасында.
Әншінің айтуынша, оны жақын танитын, жақсы білетін, дәмдес болған адамдар айтқан.
Имандары қайда қалды деп ойлаймын. Өкінішті. Тіпті, мен той мен концертке барғанда ішімді басып көретін адамдар болды. Ішімді кәдімгідей басып көреді. Сондайға дейін аңдитын адамдар бар екен. Ниетті дұрыстау керек, - деп айтты Алтынай Жорабаева.
Айта кетейік, көпшіліктің сүйікті әншісі Алтынай Жорабаева жақында бесінші баласын дүниеге әкеледі.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?