Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАбай облысында жастарды баспанамен қамту, жас отбасыларды қолдау, жұмыспен қамту, сапалы білім беру мәселесі басты назарда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
Осыған орай Аягөз ауданында өңір жастарын жеңілдетілген ипотекалық несиелеуге бағытталған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» бағдарламасы қолға алынды.
Бағдарламаға ауданның 18 бен 35 жас аралығындағы білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, журналистика, әлеуметтік сала, мемлекеттік, қалалық және республикалық мекеме/ұйымдардағы штаттық қызметкерлер, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер қатыса алады.
Жеңілдікті несие «Отбасы Банкі» арқылы 8 жылға 5% үстемемен беріледі. Қатысушының тұрғын үй бағасының 10% құрайтын банк салымы болуы керек.
Алдағы уақытта бағдарлама арқылы берілетін баспана жас отбасыларға айтарлықтай қолдау болмақ.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер