Бүгiн, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңесРесей 2037 жылы Халықаралық Ай ғылыми станциясына (МЛНС) тәулік бойы жұмыс істейтін алғашқы ғылыми обсерваторияны жеткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Орталық машина жасау ғылыми-зерттеу институтының «Негізгі және ғылыми-қолданбалы зерттеулердің ғарыштық жүйелері» бөлімінің басшысы Константин Райкуновтың айтуынша, жаңа обсерватория — Айдағы алғашқы энергия тұтынушысы болмақ. Оның басты ерекшелігі — 5G технологиясына ұқсас Wi-Fi жүйесінің орнатылуы.
Бұл жүйе Ай бетінде үлкен аумаққа тарайтын автоматты ғылыми станцияларды байланыстырып, олардан жиналған мәліметті жинауға мүмкіндік береді, — деді Райкунов.
Оның айтуынша, аталмыш байланыс жүйесі арқылы автоматты станциялардан Айдың Жер магнитосферасына кіру және шығу процестері, сондай-ақ геологиялық, сейсмикалық және инерциялық құбылыстар туралы деректер жиналмақ.
Барлық ақпарат Wi-Fi аналогы арқылы Айдағы обсерваторияға жіберіледі. Онда мәліметтер арнайы сақтау құрылғыларына жазылып, қуатты борттық ретрансляциялық кешен көмегімен Жерге — Ресей ғылым академиясына жолданады, — деп түсіндірді ғалым.
Халықаралық Ай ғылыми станциясы — Ресей мен Қытайдың бірлескен ауқымды жобасы. Оның құрамына төмендегідей негізгі жүйелер кіреді:
Жер мен Ай арасындағы көлік жүйесі;
Ай бетінде ұзақ мерзімді жұмысқа арналған қосалқы инфрақұрылым;
Айдың бетін зерттеуге және онда жылжуға арналған мобильді кешендер;
автоматтандырылған ғылыми құрылғылар;
жерүсті басқару және бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелері.
Жобаның басты мақсаты — Айды терең ғылыми тұрғыда зерттеу және оны бейбіт мақсатта пайдалану.
Бұл бастама ғарыш ғылымын жаңа деңгейге көтеріп, адамзаттың Айды зерттеу мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтпек.
Бүгiн, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді