Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсАлматыда автобус ішінде бір топ жігіттің 22 жастағы қыздың мазасын алғаны туралы видео желіде тараған болатын. Осы жайтқан қатысты сот өтіп, кінәлі азаматтар жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
3 қазанда Кәусар Дағделен №118 автобуспен үйіне қайтып келе жатқан. Абай мен Әуезов көшелерінің қиылысында автобусқа бір топ жігіт мінеді. Олар қызды қоршап, қол жүгіртіп тиісе бастаған.
Азаттық рухының хабарлауынша, қазнеттегі шулы іс «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша сараланды. Анықталғандай, жолаушылар іс жүзінде әдепсіз сөздер қолданып, жәбірленушіге құрметсіздік танытып, қорлайтын сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзған.
«Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты С. есімді азаматқа қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі) әкімшілік істі қарады. Сот отырысында С., іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растап, жасаған әрекетіне өкінді. Сот қаулысымен С., ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 48 300 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды», - делінген сот мәлімдемесінде.
Істің мән-жайын, сондай-ақ жәбірленуші Кәусар Дағделеннің айғақтарын және одан әрі арызын ескере отырып, әкімшілік жазаның түрі мен мөлшерін анықтау кезінде сот оны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен әкімшілік айыппұл түріндегі жазаға тарту қажет деп санады. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды