Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТаразда автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол жиегіндегі көліктерді соқты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Оған себеп – жүргізушінің ұйықтап кеткені. Қоғамдық көліктің бейнекамерасына жазылған видеода жүргізушінің қарсы бетке шығып бара жатқан автобусты тоқтатуға еш әрекет жасамағаны байқалады. Жол апатынан автотұрақтағы 10 жеңіл көлікке зақым келді. Адам шығыны жоқ.
Автобуста 10 жолаушы болған. Жарақат алған 56 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер бірнеше қабырғасы сынған жолаушының жағдайы орташа ауыр екенін айтады. 33 жастағы жүргізушіге қатысты тергеу басталды.
Автобус жүргізушісіне ҚР ҚК 345-бабымен қылмыстық іс қозғалып, Тараз қаласы басқармасында тергеу жүргізіліп жатыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?