13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАлматыда бірнеше адамның өліміне себеп болған автобус оқиғасы туралы тың деректер шықты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Оқиға кезінде автобуста болған куәгерлер жүргізуші мен жолаушының арасындағы жанжал неден туғанын айтып берді.
Бір кезде жүргізуші мен жолаушы арасында жанжал шықты. Жүргізуші одан ақша төлеуін талап етті, ол бас тартты да, рөлде отырған әйелді балағаттап, қорқыта басстады. Ол оны бір рет ұрды, артынан тағы да ұрды. Сол кезде жүргізуші есінен танып қалды, - дейді бір куәгер.
Соққы жұмсаған ер адамды басқа жолаушылар сабырға шақыруға тырысқан.
Досыммен бірге отырдық. Ер адам жолақыны төлемеді. Сосын жүргізуші әйелді ұра бастағанын көрдік. Оны тыныштандырып, тіптіұруға тура келді. Досым оны ұстап алды. Бұл кезде әйел есінен танып қалған. Автобусты тоқтатуға тырыстым. Қарасам, аяғы газда екен. Еңкейіп, тормозды бастым. Автобустағылардың барлығы құлады, - дейді басқа куәгер.
Айта кетейік, Алматыда болған бұл оқиға үш бірдей адам өмірін жалмаған еді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды