Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТайландтың шығысында ауыр жол апаты орын алды, туристік автобустың тежегіші істен шығып, көлік аударылып кетті. Reuters агенттігінің мәліметінше, бұл қайғылы оқиға салдарынан 18 адам қаза тауып, 23 адам жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Апат кезінде автобуста 49 жолаушы болған, олардың барлығы Тайланд азаматтары. Полиция өкілдерінің айтуынша, жол еңіс жерде орналасқан, ал тежегіштің істен шығуы жүргізушінің автобусты басқаруына кедергі келтірген. Нәтижесінде автобус Прачинбури провинциясында, Бангкоктан 155 шақырым жерде аударылып қалған.
Желіде тараған видеоларда құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатқаны байқалады. Тайланд премьер-министрі Пэтонгтан Чинават қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, бұл оқиғаға байланысты жан-жақты тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.
Егер автобус қауіпсіздік талаптарына сай келмесе немесе жүргізуші жол ережелерін бұзған болса, кінәлілер міндетті түрде жазаланады. Мұндай трагедиялардың қайталануына жол бермеуіміз керек, – деп жазды премьер-министр өз мәлімдемесінде.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?